Астанадағы Орынбор көшесінің атауы Мәңгілік ел деп өзгертілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Алма Шоқаева айтты.
Астанадағы Орынбор көшесінің атауы Мәңгілік ел деп өзгертілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Алма Шоқаева айтты.
"Орынбор көшесінің атауы 9 қарашада, яғни кеше өзгертілді. Енді ол Мәңгілік ел даңғылы деп аталады. (...) Кеше біз хаттаманы мемлекеттік тіркеуге қою үшін Әділет министрлігіне жібердік. Көшенің атауы мәслихаттың және әкімдіктің шешімімен өзгертілді. Бұл шешім Әділет министрлігінде тіркелу керек, құжат мемлекеттік тіркеуді алу қажет. Содан кейін ғана көшенің атауы рәсімделеді", - деді Алма Шоқаева.
Еске сала кетейік, осыған дейін Орынбор даңғылығын Мәңгілік ел деп ауыстыру ұсынылған болатын. Айта кетейік, өтініш қоғам зиялысынан келген.
Сондай-ақ, Астана қаласының Алматы ауданында орналасқан № 23-17 көшеге Бұхар Жырау есімін беру ұсынылды. Бұл ұсыныс Қарағанды облысының тұрғынынан келген болатын.