Астанада пәтер алғысы келген тұрғындар 450 миллион теңгеге алданып қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада пәтер алғысы келген тұрғындар 450 миллион теңгеге алданып қалды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ҚМА астаналық департаменті "Семейный капитал" қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған азаматтың заңсыз әрекеті әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА астаналық департаменті "Семейный капитал" қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған азаматтың заңсыз әрекеті әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісімшарт жасасқан.

"Оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейінгі инвестиция, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген. Соның салдарынан азаматтар уәде еткен пәтерлерін алмаған, салған қаржысы қайтарылмаған. Осылайша, ол жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген", - делінген хабарламада.

Ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалған. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

"ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Егер сіз және сіздің туыстарыңыз жосықсыз кәсіпкерлердің осындай әрекеттеріне тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТД немесе көрсетілген телефондар бойынша хабарласыңыз: 1458, 8 (7172) 70 84 79 (ішкі 21384). ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - деді ҚМА өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети