Астаналық полицейлер пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізуде, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астаналық полицейлер пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізуде, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жаңа жылдық мереке күндерінің қарсаңында пиротехникалық өнімді сақтау тәртібі, есепке алу, тасымалдау, әкелу және шығару бойынша жұмысы белсендетілген.
"Пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату бойынша полиция қызметкерлері күнделікті заңсыз сауда орындарын тексеріп, сертификатталмаған өнім көтерме сауда жеткізушілерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Пиротехникалық өнімдердің іске асырылуы тек қана тиісті лицензиясы бар арнайы мамандырылған дүкендер арқылы шығарылуы керек", - деді Астана қалалық ІІД ӘПБ бөлім басшысы Бағлан Қазбеков.
Балалар арасындағы травматизмге жол бермеу мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қызметке түскен полиция нарядының, учаскелік полиция инспекторларының, сонымен қатар кәмелет жасқа толмағандардың, соның ішінде оқу орындарының аумағында пиротехникалық өнімдерді пайдалану және құрықтау бойынша назар қойылған. Пирохетникалық өнімдердерді заңсыз пайдалану фактісінің анықталған кезінде, құқықбұзушылар ҚР Әкімшілік құқықбұзу туралы кодексінің 436-бабы 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады. Айыппұл - 10 АЕК көлемімен қарастырылған.
Дәл осы әрекеттерді 16 жасқа дейінгі кәмелет жасқа толмаған балалар жасаған жағдайда, олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне
пиротехникалық өнімдерді тәркілеуімен, ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады. Сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқықбұзу туралы кодексінің 483-бабының 1,2 бөлімдері бойынша жауапкершілікке тартылады.
Оған қоса, "Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 19 желтоқсаннан 2018 жылдың 3 қаңтарына дейін ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, көңіл көтеретін мекемелердің жетекшілерімен елордалық мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелермен өртке қарсы қорғаныс қауіпсіздігі мен пиротехникалық өнімдердің қолдануына жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.