Астанада полицейлерге қарсылық көрсеткен жүргізуші қыздың әрекеті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полицейлерге қарсылық көрсеткен жүргізуші қыздың әрекеті видеоға түсіп қалды видеодан үзінді

Астанада полицейлерге қарсылық көрсеткен жүргізуші қыздың әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полицейлерге қарсылық көрсеткен жүргізуші қыздың әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2016 жылдың бірінші қыркүйегінде Астанада полиция көлік жүргізіп келе жатқан қыздың жол жүру ережесін бұзғанына назар аударған. Осы әрекеттің барлығы полиция көлігінің видео тіркеу құрылғысына түсірілген.

"Полицейлер арыз бойынша Hyundai автокөлігінің соңына түсіп, дауыс ұлғайтқыш арқылы көлікті тоқтатуын сұраған. Алайда қыз полицейлерді тыңдамай, қозғалысты әрі қарай жалғастырған", - деді елордалық Алматы ауданының прокуратурасындағылар. 

"Жетер жеріне жеткен жүргізуші, елорданың 24 жастағы тұрғыны көлікті тоқтатып, полиция қызметкерлерін балағаттауға кіріскен, сонымен қатар оларға қатысты физикалық күш қолданған", - деді аудандық прокуратураның өкілдері. Қыз полиция бөлімшесіне жеткізілген, ал оның автокөлігі айып тұрағына қойылған. 

Қызға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары "Билік өкiлiн қорлау", "Билік өкіліне бағынбау", "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" баптары бойынша жүргізілді. Іс материалдары сотқа жіберілген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети