Астанада полицейдің ұсталған сәтінде түсірілген видео Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана ІІД баспасөз қызметінің өкілдері полицейдің неліктен ұсталғанын түсіндірді.
Астанада полицейдің ұсталған сәтінде түсірілген видео Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана ІІД баспасөз қызметінің өкілдері полицейдің неліктен ұсталғанын түсіндірді.
Facebook желісіндегі "Астана - Что? Где? Когда?" тобында видео жарияланды. Видео авторы болған жағдайды баяндап берді.
"Абай көшесінде жол қозғалысы тоқтады. Жол-көлік оқиғасы шығар деп ойлағам, сөйтсек төбелес екен. Жай киім киген екі жігіт полицей формасын киген жігітті көлікке күштеп кіргізбекші болды. Жігіт көмектесіңіздер деп айғайлады. Осыдан кейін үшеуі тротуарға шығып, сөйлесе бастады. Сол жерден өтіп бара жатқан адамдар полицейге болысып, мән-жайды түсіндіріп беруін талап етті. Ол жап-жас жігіт, қорқып қалған, менен 102-ге қоңырау шалуымды өтінді", - деп жазды Tolga Toleubay.
Оның айтуынша, жігіт ана екеуінің өзін қалтасына бірдеме салып, қамауға алғысы келетінін айтты. "Барлығымыз ана екеуінің куәліктерін сұрадық Олардың қызметтік куәлігі бар болып шықты. Олар өздері 102 шақырып, өздерін таныстырып жігітті патрульге салып әкетті. Жігіттің ары қарайғы тағдыры не болғаны белгісіз. Оның қандайда бір кінәсі барына сенемін. Күн сайын көшеден қарапайым адамдардың полицейдің қолын қайырып жатқанын көре бермейсің. Негізі баррлығы керісінше", - деді қыз бала.
Астана ІІД баспасөз қызметі полицейдің неліктен ұсталғанын түсіндірді.
"Видеода Астана қаласының Алматы аудандық ІІБ полиция қызметкерлерінің ҚР ішкі істер күзет жасақтарының бірінде құқықтық ереже бұзған қызметкерді ұстау сәті түсірілген. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр", - деді қалалық ІІД баспасөз қызметі.