Астанада полицейге пара бермек болған тұрғын видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полицейге пара бермек болған тұрғын видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полицейге пара бермек болған тұрғын видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ-нің ресми Telegram-арнасының мәліметінше, Сейфуллин көшесі бойында патрульдік полиция полкінің инспекторы Toyota Estima маркалы автокөлігін нөмірі оқылмай тұрғандықтан тоқтатқан (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 1-бөлігі).

"30 жастағы жүргізуші патрульдік көлік салонында келе жатып, жауапкершіліктен жалтармақ болып, алдыңғы орындықтардың арасына 10 000 теңге қойып кеткен. Полиция қызметкері ақшадан бас тартып, сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өз басшылығына және ӨҚД органдарына хабарлаған", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети