Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтіп жатыр

Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев мотоциклшілердің ортасында өз резиденциясынан Тәуелсіздік Сарайына қарай шықты. Бұл ошақта ұлықтау рәсімі өтеді.

Айта кетейік, 2011 жылы Назарбаевты ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік Сарайында өткен болатын. Ал оның алдында "Қазақ елі" монументінің алында Президентті мыңдаған қазақстандық күтіп алды. Салтанатты рәсімге 600 әскери қатысты. Айтпақшы, сол кезде ұлықтау рәсіміне Нұрсұлтан Назарбаевтан сайлауда жеңілген қарсыластары Ғани Қасымов, Жамбыл Ахметбеков және Мэлс Елеусізов шақырылған еді, олар ресми түрде шақыру қағазын алған.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 26 сәуірде Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Қазақстандықтардың 95 пайызы сайлауда дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97,7 пайызы дауыс берді.

Биыл Нұрсұлтан Назарбаев Президент ретінде осымен бесінші рет Ант береді. 

Еске салайық, Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге сайланады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама