Астанада қандай мамандықтардың сұранысқа ие екендігі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қандай мамандықтардың сұранысқа ие екендігі анықталды

Астана қаласына қандай мамандықтардың қажет екендігі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап. Астанада кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері талқыланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласына қандай мамандықтардың қажет екендігі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап. Астанада кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері талқыланды.

"Кәсіптік білім беру және бизнес: Серіктестер сұхбаты" қалалық форумында сұранысқа ие мамандықтар аталды.

Сонымен, елордада ер адамдар арасында неғұрлым сұранысқа ие мамандық - құрылысшы-техник, тас қалаушы, әр түрлі жүйелер мен жабдықтарды монтаждаушы, байланыс монтаждаушысы, электрик, электрмен және газбен дәнекерлеуші, құрылыс машиналары мен механизмдерінің машинисі, кран машинисі, жүк таситын автокөлік жүргізушісі, слесарь-сантехник. Әйелдер арасында аса қажетті мамандықтар - мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі, тігінші, медбике, аспаз, наубайшы, сатушы, бухгалтер, әкімші, шаштараз.

Іс-шара дәстүр бойынша кәсіби мамандардың назарын ерекше аударды. Қатысушылар мен шақырылғандар қатарында Астана қаласы әкімдігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жұмыс берушілер, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының өкілдері, мәслихат депутаттары, техникалық және кәсіптік білім беру саласының қызметкерлері бар. 

Форумның басты мақсаты - оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы үйлестіруді жақсарту, оқу бітірушілердің жұмысқа орналасуына көмек көрсету, орта буын мамандардың имиджі мен мәртебесін көтеру, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети