Астанада Қазақстан тарихындағы ең үлкен әскери парад өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қазақстан тарихындағы ең үлкен әскери парад өтті © Tengrinews.kz.

Астанада Отан қорғаушылар күні мен Қазақстанның Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Отан қорғаушылар күні мен Қазақстанның Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әскери парадқа бес мыңнан астам әскери қатысты. 300 әскери техникадан құралған колонна жүріп өтті. 

Парадты тамашалаушылар "Каз Град", "Смерч", "Прима" сияқты реактивті жүйелерді, БМП-2 әскери машиналарын, ТОС-1 "Солнцепек" от шашатын жүйелерді, "Штурм-С" танкіге қарсы зымырандар кешенін, БТР-80 машиналарын, "МСТА-Б" гаубицасын, "Гиацинт" батареяларын, "Тюльпан" минометтері мен "Точка-У" тактикалық зымырандарын көре алды. 

Негізгі әскери танкілермен қатар, "Арлан", "Хамер", "Кобра" және "Федерал" сияқты оқ өтпейтін көліктер де көрсетілді. 

Көкке 70 әуе техникасы көтерілді.


© Tengrinews.kz.

Ұшқыштар Астана көгінде 25 саны мен Бәйтеректің бейнесін салды. 

ҚР ҚК-нің өкілдері 2017 жылғы парад ел тарихындағы ең көлемді парад болғанын атап өтті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети