Астанада Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

© Тұрар Қазанғапов

Астанада Есеп комитетіні? басшысы бол?ан ?озы-К?рпеш Жа?быршинмен ?оштасу р?сімі ?тіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Есеп комитетінің басшысы болған Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоштасу рәсімі Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өтіп жатыр. Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасуға мемлекеттік қайраткерлер мен Парламент депутаттары келді. Ол Ұлттық пантеонда жерленетін болады.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Есеп комитетінің басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин 12 ақпанға қараған түні қайтыс болған еді.

Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есімұлы 1960 жылы дүниеге келген. Ақтөбе облысында туған. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын және оның аспирантурасын бітірген. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі болды. Қазіргі қызметіне 2014 жылғы 15 қаңтарда Елбасы Жарлығымен тағайындалған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама