Есеп комитетінің басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин қайтыс болды

12 Ақпан 2017, 11:09
2
Есеп комитетінің басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин қайтыс болды -

12 ақпанға қараған түні Қазақстанның Есеп комитетінің басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин қайтыс болды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есімұлы 1960 жылы дүниеге келген. Ақтөбе облысында туған. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын және оның аспирантурасын бітірген.

Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Басқару процесінің автоматтандырылған жүйесі ғылыми-зерттеу институтының инженері, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Ғылым мен техника бөлімінің инженері, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Басқару және басшылықтың экономикалық әдістемелерін жетілдіру бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономикалық ғылыми-зерттеулер инситутының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті экономикалық реформалар, нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің экономикалық консультанттар кеңесінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық кеңесшісі, Еуропалық қоғамдастық комиссиясының Қазақстандағы Үйлестіру бюросының ұлттық директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы экономикалық консультанттар кеңесі жетекшісінің орынбасары, "ТАСИС" бағдарламасының Қазақстандағы Үйлестіру бюросының директоры, Алматы қаласы экономика жөніндегі комитетінің төрағасы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі болды. Қазіргі қызметіне 2014 жылғы 15 қаңтарда Елбасы Жарлығымен тағайындалған.

"Құрмет" орденімен, медальдармен марапатталған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай