Алматы – Қорғас жолындағы бетон бөлік жүргізушілерге қауіп төндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы – Қорғас жолындағы бетон бөлік жүргізушілерге қауіп төндірді Бейнекадрлар

Әлеуметтік желілерде Алматы – Қорғас тасжолында түсірілген видео тарап жатыр. Онда жол төсемінің ақауынан көліктердің жаппай зақымдалғаны көрсетілген, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Әлеуметтік желілерде Алматы – Қорғас тасжолында түсірілген видео тарап жатыр. Онда жол төсемінің ақауынан көліктердің жаппай зақымдалғаны көрсетілген, - деп хабарлайды Tengri Auto.

"Бәйдібек би ауылына бұрылатын тұсқа жетпей, жолдың бір бөлігінде бетон сынығы қауіпті түрде шығып тұр. Жүргізушілер жоғары жылдамдықпен келе жатып, оған соғылып жатыр", — делінген видеоның жазбасында.

Видео авторы жол жиегінде амалсыз тоқтаған көліктерді көрсетеді: Jetour кроссоверінің дөңгелегі жарылып, дискі зақымдалған, Mercedes-Gelandewagen жол талғамайтын көлігінің жанармай багы тесілген, ал Hyundai седанының беріліс қорабын бетон шығыңқысы астынан тесіп жіберген, соның салдарынан жерге май аққан.

Жол ақауына байланысты бұл бөлікте бес шақты көлік тұрып қалған. Көлік иелерінің айтуынша, олар "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері мен 102 нөмірі арқылы полиция шақыруға тырысқан, бірақ одан нәтиже шықпаған.

"Осы тұстан өтіп бара жатқан екі бірдей патруль көлігі уақыттың тығыздығын айтып, тоқтаудан және азаматтарға көмектесуден бас тартқан", — делінген хабарламада.

Осы бағытта жолға шыққан жүргізушілерге барынша сақ болу ескертіледі.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Neboldy? (@neboldykz) жарияланымы

TengriAuto