Астанада құрылыс нысанында бір жұмысшы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада құрылыс нысанында бір жұмысшы қайтыс болды ©Tengrinews.kz

Астанада құрылыстың ағаш материалдары астында қалып қойған екі жұмысшының біреуі қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше оқиға 3 наурыз күні Сарыарқа ауданында болды. "Сағат 13.11-де Сарыарқа және Абай даңғылдарының қиылысында "Столичный-2" тұрғын үй кешеніндегі жаңадан салынып жатқан нысанда құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс ағаштары құлап кетті. Соның салдарынан "АқмолаТеплоСервис" ЖШС-нің жұмысшылары: 1989 жылы туған электрик сол жерде қайтыс болды, ал 1978 жылы туған бетоншы ауруханаға түсті", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, қаңтар айының басында Павлодар облысындағы Бозшакөл тау-кен байыту комбинаты құрылысында екі жұмысшы қайтыс болған еді. Құрылыс жұмысы кезінде арматура құрастырмалар жұмысшылардың үстіне құлап кеткен. Марқұм болғандар - "Сетьстрой" серіктестігінің жұмысшылары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети