Астаналық ветеринарлар сальмеонеллез ауруын жұқтырған 19 тонна құс етін өртеп жіберді, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Құс еті Астана дүкендерінде тарап кеткен.
Астаналық ветеринарлар сальмеонеллез ауруын жұқтырған 19 тонна құс етін өртеп жіберді, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Құс еті Астана дүкендерінде тарап кеткен.
Басылымның мәліметінше, адам өмірі үшін қауіпті ауру құстарға еліміздегі фабрикалардан келген. Құс етінің Алматыдан жеткізілгені белгілі болды.
Астана қаласы бойынша аймақтық ветеринарлық бақылау инспекциясының басшысы Айтбай Тайжановтың айтуынша, сальмеонеллез тұрмыстық қарым-қатынастан, тауарды тасымалдау, сақтау кезінде жұғуы мүмкін. "Былайша айтқанда, тазалық болмағанда. Алматы облыстық инспекциясы "Алатау құс фабрикасына" тексеріс жүргізіп жатыр", - деді ол.