Астанада Сарыбұлақ көшесі бір аптаға жартылай жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Сарыбұлақ көшесі бір аптаға жартылай жабылады Фото:depositphotos.com

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына Бөгенбай батыр даңғылынан Мәскеу көшесіне дейінгі учаскеде Сарыбұлақ көшесін орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған байланысты, 21 мен 28 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети