“Астанада сібір жарасына шалдыққан мал еті сатылған“: министрлік мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Астанада сібір жарасына шалдыққан мал еті сатылған“: министрлік мәлімдеме жасады Фото:depositphotos.com

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Астанадағы сауда орнына сібір жарасы ауруына шалдыққан мал еті жеткізілгені туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Астанадағы сауда орнына сібір жарасы ауруына шалдыққан мал еті жеткізілгені туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі күнге дейін елордадағы сауда орталықтарында, соның ішінде "Әлем" сауда орнында жұқпалы ет өнімінің сатылуы немесе жеткізілуі туралы ешқандай факт тіркелген жоқ. Барлық жеткізілген ет өнімі міндетті ветеринарлық-санитарлық тексеруден өтеді. Сондықтан тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін бірен-саран жағдайлар тіркелген Атбасар ауданында кешенді дезинфекциялық жұмыстар толық аяқталған.

"Қауіпті ет өнімдері белгіленген санитарлық тәртіппен жойылғаны айтылды. Тұрғындар медициналық тексеруден өтіп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Азаматтардан тек ресми дереккөздерге, яғни, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ақпараттарына сену сұралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети