Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты техникалық кездесу аяқталды

Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты техникалық кездесу аяқталды © Тұрар Қазанғапов

Ресей Федерациясы ?арулы К?штері Бас штабыны? жедел бас?ару басшысыны? орынбасары, Ресей делегациясыны? басшысы Станислав Гаджимагамедов Астана?а келген делегацияларды? Сирияда?ы жа?дайды реттеуге дайын екенін м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының жедел басқару басшысының орынбасары, Ресей делегациясының басшысы Станислав Гаджимагамедов Астанаға келген делегациялардың Сириядағы жағдайды реттеуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресей, Түркия және Иран, сондай-ақ, БҰҰ өкілдері бүгін, 6 ақпанда Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты техникалық кездесу өткізді. Отырысқа қатысушылар Сириядағы соғысты қалай тоқтатуға болатынын және елді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қалай тиімді бақылау жүргізу керектігін, қандай шараларды қолдану қажеттігін талқылады.

Айта кетейік, бүгін Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты халықаралық техникалық кездесу басталған болатын. "Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты халықаралық техникалық кездесу басталды. Кездесуге Ресей, Түркия, Иран және БҰҰ өкілдері қатысып жатыр. Сондай-ақ, Иордания өкілдері де қатысуы мүмкін", - деген еді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама