Астанада Сириядағы соғысты тоқтату шарттары талқыланып жатыр

06 Ақпан 2017, 11:10
0
Астанада Сириядағы соғысты тоқтату шарттары талқыланып жатыр - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты халықаралық техникалық кездесу өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты халықаралық техникалық кездесу басталды. Кездесуге Ресей, Түркия, Иран және БҰҰ өкілдері қатысып жатыр. Сондай-ақ, Иордания өкілдері де қатысуы мүмкін", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Оның айтуынша, тараптар биыл 23-24 қаңтар аралығында Астанада өткен халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша саяси мәселелерді талқылайды.

Сонымен қатар, күннің екінші жартысында кездесу қорытындысы бойынша брифинг өтетіні айтылады.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарда Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер басталған болатын. Келіссөздер елордадағы Rixos President Astana мейманханасында жабық тәртіпте өтіп жатыр. Сондай-ақ, кеше Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездескен болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Сирия мәселесі бүгінде Таяу Шығысты ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырғанын атап өткен еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай