Астанада Сирияға қатысты кезекті кездесу наурызда өтуі мүмкін

01 Наурыз 2017, 12:49
1
Астанада Сирияға қатысты кезекті кездесу наурызда өтуі мүмкін -

Иранның Қазақстандағы елшісі Моджтаба Дамирчилу Астанада Сирияға қатысты кезекті кездесудің 21 наурызға дейін өтуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. Басылымның мәліметінше, кездесудің нақты уақыты әлі белгіленбеді.

Айта кетейік, Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздердің екінші раунды 15-16 ақпанда өткен болатын. Келіссөздер қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия елдері бақылау тобын құру туралы шешім қабылдады.

"Астанада Сирияға қатысты кездесу наурыз айында, мүмкін Наурыз мейрамына дейін өтуі мүмкін, бірақ бұл әлі нақты емес", - деді дипломат. Оның айтуынша, алдағы кездесудің нақты қашан өтетіні жақын арада белгілі болады. Айта кетейік, Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылдың наурыз айынан бері жалғасып жатыр.

Осыған дейін Женевада Сирияға қатысты келіссөздердің жаңа раунды өткені хабарланған болатын. Үкіметтік делегация мен оппозиция өкілдері Швейцарияға келген еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай