Қашықтықтан дабыл қондырғыларын сканерлеу арқылы автокөліктерден ұрлық жасаудың 57 фактісін жасаған 9 топ құрықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурсының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қашықтықтан дабыл қондырғыларын сканерлеу арқылы автокөліктерден ұрлық жасаудың 57 фактісін жасаған 9 топ құрықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурсының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордада жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың жартысынан көбі ұрлық болып келеді. Астана қаласы прокуратурасының талдауы көрсеткендей, 2015 және 2017 жылдар аралығында сот және қылмыстық қудалау органдарымен тараптардың татуласуына байланысты 4 мыңнан астам қылмыстық іс, оның ішінде екі және одан да көп ұрлық жасаған тұлғаларға қатысты тоқтатылған. Солардың 84 пайызы жұмыссыздар болған.
Көп жағдайда қылмыскерлер жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу арқылы татуласып, жауаптылықтан босатылған.
"Бұл жағдайды ескере отырып, ішкі істер органдарына тараптардың татуласу мәселелеріне барынша мұқият қарау, жәбірленушілерге ықтимал теріс салдарлар туралы түсіндіру тапсырылды. Бұрын бірнеше рет ұрлық жасаған адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану тәжірибесі де өзгертілді", - делінген хабарламада.
Көші-қон процестерін бақылау күшейтілді, себебі қылмыстың 40 пайызын өзге аймақтардан келгендер жасауда.
Биыл сәуір айынан бастап қала прокуратурасының үйлестіруімен ішкі істер органдары "Қалта-ұрлықшы" санатындағы есепке алынғандарға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. 33 эпизодтан тұратын ұрлықты жасаған 15 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Ұрланған велосипедтерді, көлік бөлшектері мен магнитолдарды сату орындарын анықтау мақсатында көлік базарларында жедел-іздестіру және алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Көлік аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан бір топ адам ұсталды. Полицияға 723 адам жеткізілген, оның екеуі іздестірілуде болған.
"Рейд нәтижесімен шығу тегін сатушылар түсіндіре алмаған 500-ден астам атауы бар қосалқы бөлшектер алынды: көлік магнитолдары, әйнектер, аккумуляторлар және т.б. Тұрғын үй кешендерінің аумағында ұрлық жасау мүмкіндігін азайту үшін прокурорлар ішкі істер органдарымен бірлесіп, тұрғындармен және ПИК-нің өкілдерімен үнемі кездесулер өткізуде, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қалалық билікпен қоғамдық көлікті бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қабылданған шаралар Астанада ұрлық жасау фактілерін 28 пайызға, ал жалпы қылмыс деңгейін 25 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді.