Астанада шырша ағаштары сатылатын орындар бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада шырша ағаштары сатылатын орындар бекітілді © astana.gov.kz

Елордада Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды кесу, әзірлеу, тасымалдау және сату әрекеттерінің жолын кесу бойынша рейдтік шаралар өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды кесу, әзірлеу, тасымалдау және сату әрекеттерінің жолын кесу бойынша рейдтік шаралар өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Осы мақсатта табиғат қорғау полициясы қызметкерлерінен, "Астана Орманы" МКК және "Жасыл аймақ" РМК жұмыскерлерінен мобильді топтар жасақталды. "Астана Көгалдандыру" АҚ жұмыскерлерімен бірлесе отырып қала ішінде өсіп тұрған қылқан жапырақты ағаштар отырғызылған орындар тексерілуде. ІІД өкілдері "Рубеж" стационарлық-бақылау бекеттерінде кезекшілік жүргізіледі.

Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау" 340-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Астанада қылқан жапырақты ағаштарды сату орындары белгіленді. Атап айтқанда, "Сәлем" орталық базары (Тілендиев даңғ., Алаш тас жолы), "Астықжан" СҮ (Бейсекова к-сі), "Алма" СҮ (Республика даңғ.), "Шанхай" әмбебап базары, "Гүлжан" СҮ (Абылай хан даңғылы), "Тұлпар" СҮ (Уәлиханов к-сі), "Астықжан" СҮ (Ақжол к-сі). Барлық сатушыларда РФ-дан шырша және қарағай әкелуге рұқсат беретін құжаттар пакеті бар.

Рейд шаралары 31 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети