Астанада тағы да бұршақ жаууы мүмкін: синоптиктер не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тағы да бұршақ жаууы мүмкін: синоптиктер не дейді? Кескін Midjourney нейрондық желісі арқылы жасалды

Кешеден бері Астана тұрғындары 8 тамыздағы оқиғаның қайталануынан қорқып, автомобильдерге зиян келтірген қатты бұршақты күтіп жүр. Ал қала тұрғындарына ықтимал жауын-шашын туралы ескертумен SMS-хабарламалар келіп, әлеуметтік желіде алдағы күндері елорданың ауа райына қатысты тақырып қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндерге ауа райы болжамын білу үшін редакция Қазгидрометке жүгінді. Синоптиктер 15 тамызда елордада күндіз найзағай соғып, бұршақ жауады деп ескертті. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Алайда, 8 тамыздағыдай күшті бұршақтың қайталану ықтималдығы төмен.

"Астанада жауын-шашын күннің екінші жартысында болады деп болжанды. Сондай-ақ, бұршақ жаууы мүмкін, бірақ жергілікті құбылыс, ол бүкіл қала мен метеостанцияны қамтымай-ақ өтуі мүмкін", - деді синоптиктер.

Алдағы екі күнде елордада бұршақ жауады деп болжанды. 16 тамызда Астанада көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 жылы.

17 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети