22 тамыз 2018 17:52

Астанада тағы да нөсер жауын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" өкілдері Астанада таяуда тағы да жаңбыр жауатынын, ал кей жерлерде нөсер болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Қазгидромет" өкілдері Астанада таяуда тағы да жаңбыр жауатынын, ал кей жерлерде нөсер болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өткен күндерден бері толассыз жаңбыр жауып, елордалық тұрғындарды біраз әбігерге салған еді. Бүгін синоптик мамандар алдағы күндері тағы да жаңбыр болатынын айтады.

"24 тамызда жаңбыр жауады деп күтіледі, алайда ол 21 тамызда жауған жаңбыр секілді толассыз бола қоймас. 25 тамызда да жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер болады. Мұндай ауа райы 27 тамызға дейін сақталады. Тамыздың 25-і, 26-ы және 27-і түнгі уақытта Астанада 21 тамызда жауған жаңбыр секілді тоқтаусыз жауады", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Қазгидромет қысқа мерзімді болжау басқармасының басшысы Ардақ Қалменова. 

Әзірге синоптиктер Астанада нақты қанша мөлшерде жауын жауатынын айта алмады. 

"Синоптикалық мінездемеге сай, жаңбыр кей жерлерде қатты жауады деуге болады. Ол тоқтаусыз жауып, критерийге дейін жетеді. 1-15 сантиметр аралығында норматив болып саналады, ал 15 сантиметрден жоғары болса, онда нөсер жауын болады", - дейді Ардақ Қалменова. 

Айта кетейік, тамыздың 20-21 күндері Астанада жеті айлық көрсеткіш мөлшерінде жаңбыр жауды. Соның салдарынан жолдарды су басып, кептелістер болды. Куәгерлер оталмай қалған автобустар мен қайықпен жүрген адамдардың видеосын Желіде жариялады. 

22 тамызда үкімет отырысында осы мәселе қарастырылды. Астана әкімі су басқан қаланың мәселесін шешуге уәде берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети