Астанада такси жүргізушілерін алдап жүрген алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада такси жүргізушілерін алдап жүрген алаяқ ұсталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада такси жүргізушілерін алдап жүрген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада такси жүргізушілерін алдап жүрген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі астаналық полицияға келіп, оларға қатысты жасалған алаяқтық туралы хабарлады. Такси жүргізушілерінің айтуынша, қаскөй қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, содан кейін "Яндекс.Такси" қосымшасынан жүргізушінің бонустарын банк шотына аударып алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған 28 жастағы әйел ұсталды. Сонымен қатар, әйелдің басқа такси жүргізушісінен сөмкесін ұрлағаны анықталды, онда құжаттар, сымсыз құлаққаптар, ақша және жәбірленушінің сағаттары болған.

Ұрлық пен алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам Астана ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети