Астанада такси жүргізушісі әйелді ипотека алуға көмектесемін деп алдап соққан

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада такси жүргізушісі әйелді ипотека алуға көмектесемін деп алдап соққан Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада такси жүргізушісі ипотекалық несие алуға көмектесемін деп тұрғынды алдап соққан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада такси жүргізушісі ипотекалық несие алуға көмектесемін деп тұрғынды алдап соққан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл ауданының жедел уәкілдері 48 жастағы такси жүргізушісін ұстады.

"Оның қала тұрғынынан 2 миллион теңгеден аса қаржысын алаяқтық жолмен иемденіп алғаны анықталды. Жәбірленушінің айтуынша, ол сапар барысында такси жүргізушісімен сөйлесіп, ипотека алудағы мәселесін айтқан. Әңгімелесе келе жолаушының сеніміне кірген ер адам банктердегі байланысын алға тартып, баспана алуға көмектесуді ұсынған. Содан бейтаныс жігіттің сөзіне сенген әйел оған көп мөлшерде ақша ұсынғаны белгілі болған. Ұсталған ер адам алаяқтық жасағанын мойындап, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, оның елордада осыған ұқсас басқа да қылмысқа ққатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети