Астанада тәртіп бұзған такси жүргізушілері ЭКСПО қонақтарын тегін тасымалдайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елорда басшылығы "Экспо" көрмесі кезінде шетелдік қонақтарды қарсы алу барысында такси жүргізушілері бағаны өздері асыра көтерген жағдайда тиісті шаралар қолданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елорда басшылығы "Экспо" көрмесі кезінде шетелдік қонақтарды қарсы алу барысында такси жүргізушілері бағаны өздері асыра көтерген жағдайда тиісті шаралар қолданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Барлық бірыңғай такси қызметтерінде әуежай мен вокзалдан елорда нысандарына дейінгі аралықта сапардың шамамен бағаланған құны көрсетілетін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған парақшалар болатынын Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова медиа орталыққа хабарлаған болатын.

"Жолаушыларға назарына: егер сіз бірыңғай такси қызметтерімен таксометрді қоспай жол жүрсеңіз, сіздің сапар тегін болатынынайтқым келеді" - дейді Бектұрова.

Сондай-ақ ол таяуда орын алған венгр азаматын Астананың оң жағалауына дейін 40 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісінің оқиғасына қатысты пікір білдірді.

"Біріншіден, ол таксометрі бола тұра, оны қоспаған. Екіншіден, турист барғысы келген бағыттың сапар бағасы такси қызметінің нұсқаулығында көрсетілген. Сәйкесінше, таксист сапар құнын әдейі көтерген. Көлік жүргізушісі өз кінәсін толық мойындап және өтеуін төлеп, өкінгендіктен біз оны жауапкершілікке тартқан жоқпыз. Алайда, бұл жағдай оған және оның әріптестеріне сабақ болады деген ойдамын", - деп Бектұрова өз сөзін жалғастырды.

Шетелдіктен қомақты қаражат алған жүргізуші бірыңғай такси қызметіне жақында жұмысқа орналасқаны белгілі болды.

"Бұрын ол жеке такси жүргізушісі болған, кейін заңдастырылғысы келген. Алайда, ауру қалса да, әдет әлі қалмаған екен", - деп әзілдеді Бектұрова.

ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада өз жұмысын 10 маусымнан бастайды.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer