Астанада терроризммен күрес жедел штабының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында елордада жарияланған террористік қауіптің біркелкі (сары) деңгейі аясында ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі мәселелер мен террористік тұрғыдан осал объектілерде өткізілген жедел тәжірибелердің нәтижелері қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының ІІД бастығының орынбасары Б.Е. Есенбай, қалалық ТЖД бастығының орынбасары М.С.Қайсанов және Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Г.С. Жакин терроризм актісінің жасалғандығы туралы ақпарат келіп түскендегі іс-қимылдар тәртібі мен дайындық мәселелері туралы баяндады.
Сонымен қатар, қауіпсіздік мәселелері бойынша теміржол мен авто вокзалдардың, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ қауіпсіздік департаменті басшыларының қауіпсіздік мәселелері туралы баяндамалары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша қала мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін шешуге және жұмылдыруға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылданды. Қала аумағында, соның ішінде "Рубеж" бекеттерінде терроризмге қарсы қорғалу шараларын іске асыру аясында тексеру жүргізу туралы нұсқаулар берілді, терроризмнің белгілері байқалғанда полицияның кешенді күшінің бастапқы әрекет ету алгоритмі түзетілді.