10 қараша 2016 | 14:57

Астанада "ТКШ - ЭКСПО-2016" халықаралық форумы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vox populi © Vox populi

Қазақстанның астанасында "ТКШ-ЭКСПО-2016" екі күндік халықаралық форумының ашылуы өтті. Іс-шараға 100-ден астам отандық және шетелдік өндірушілер қатысады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның астанасында "ТКШ-ЭКСПО-2016" екі күндік халықаралық форумының ашылуы өтті. Іс-шараға 100-ден астам отандық және шетелдік өндірушілер қатысады.

Көрмеге қатысушылар энергия үнемдеу, энергия тиімділігі, жылумен, газбен, сумен жабдықтау, тазарту технологиялары, жылу-дыбыс-гидрооқшаулау, жарық техникасы, электр жабдығы, электр техникасы, құрылыс материалдары мен технологиялары, коммуналдық қалдықтар, коммуналдық техника, абаттандыру, аула алаңдары және ТКШ және құрылыс индустриясы секторын жаңарту бойынша маңызды бағыттарды қамти отыра, ТКШ және құрылыс саласындағы жаңалықтарды ұсынды.

"ҚР ҰЭМ қолдауымен ТКШ саясатына жәрдемдесу мақсатында осы халықаралық форум ұйымдастырылған, ол дәстүрлі іс-шараға айналып, жыл сайын өткізілуде. Бүгінгі іс-шара ТКШ бағыты бойынша инновацияларды, жаңа технологияларды енгізу негізінде энергия тиімділігі тақырыбына арналады. Бұл газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және аула аумақтарын абаттандыру сияқты бағыттар", - деді "ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ білімді насихаттау және тарату департаментінің директоры Жандос Сәлімов.

Оның айтуы бойынша, іс-шараға 100-ден астам тауар өндіруші, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ПИК, ЖАО өкілдері, ТКШ саласындағы мамандар қатысады.

"Осы іс-шараның іске асырылуы пікірталас алаңы негізінде өзара пайдалы келісімшарттар, өзара пайдалы ынтымақтастық жасауға мүмкіндік береді, бұл жалпы біздің еліміздің экономикасының одан әрі дамуы үшін үлкен әсер етеді. Мемлекет басшысы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын және өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру аясында "жасыл" экономикаға көшу бойынша міндет қойды, көптеген инвестициялық жобалар, сондай-ақ жаңа технологиялардың енгізілуімен жобалар іске асырылуда", - деп қосты  Сәлімов.

Сарапшы атап өткендей, форумның өткізілуі Астанада "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу үшін ТКШ мен құрылыс саласының ең үздік энергия үнемдеу технологиялары мен материалдарын көрсетудің практикалық қадамына айналады.

Форум тұрғын үй-коммуналдық және құрылыс кешенінің маңызды салалық бағыттарын қамтығанын атап өту қажет. Көрмеге Қазақстаннан, Ресейден, Беларусьтен, Украинадан, Германиядан, Польшадан, Түркиядан, Бельгиядан, Қытайдан кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети