Сыртқы бақылау камерасы бейнежазбасының кадры
Астанадағы Сарыарқа аудандық №2 соты қараша айында дәмханалардың бірінің маңында болған төбелеске қатысушыларға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Судья Нәби Пазылов айыпталушылардың бірі Мирас Мамбинді Қылмыстық кодекстің 257-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танып, оған үш жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындау туралы шешім шығарды. "Қылмыстық кодекстің 45-бабының күші бойынша Мамбинге мына міндеттерді орындау жүктеледі: мамандандырылған мемлекеттік органды хабардар етпей, тұрғылықты мекенжай мен жұмыс орнын өзгертпеу; сағат 22.00-ден 06.00-ға дейін түнгі клубтарға, дискотекаларға, мейрамханалар мен басқа да көңіл көтеру орындарына бармау; арнайы мемлекеттік органның рұқсатынсыз тұрып жатқан орнын өзгертпеу және басқа елді мекенге кетпеу", - деді судья Пазылов. Қалған екі айыпталушы Руслан Мусинов пен Құмар Оспановтар Қылмыстық кодекстің 257-бабының 2-бөлігінің "а" тармағы бойынша айыпты деп танылып, жәбірленуші Қожабековпен және Оразалинмен татуласуы негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Еске сала кетейік, бұған дейін прокурор Мирас Мамбинге бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұраған болатын. Сотта судьяның жәбірленушілердің әрекетін виктимология, яғни қылмыс құрбаны болу процесін зерттейтін ілім бойынша бағалауға мән бергенін айта кету керек. Сот жәбірленушілердің әрекеті жанжалдың басталуына қалай әсер еткенін білуге көңіл аударды. Кескілескен төбелес 2013 жылдың 22 қарашасында болған еді. Кенесары және Желтоқан көшелерінің қиылысында болған төбелес сыртқы бақылау камераларының біріне жазып алынған. Оқиғаның салдарынан бір адам ауруханаға түсіп, тағы екеуіне медициналық жәрдем көрсетілді. Полиция 25-28 жас аралығындағы бес адамды ұстады. Олардың екеуі жәбірленуші деп танылды. Айыпталушылардың бірі Мирас Мамбин қарсыластарын кастетпен сабаған.
Астанадағы Сарыарқа аудандық №2 соты қараша айында дәмханалардың бірінің маңында болған төбелеске қатысушыларға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Судья Нәби Пазылов айыпталушылардың бірі Мирас Мамбинді Қылмыстық кодекстің 257-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танып, оған үш жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындау туралы шешім шығарды.
"Қылмыстық кодекстің 45-бабының күші бойынша Мамбинге мына міндеттерді орындау жүктеледі: мамандандырылған мемлекеттік органды хабардар етпей, тұрғылықты мекенжай мен жұмыс орнын өзгертпеу; сағат 22.00-ден 06.00-ға дейін түнгі клубтарға, дискотекаларға, мейрамханалар мен басқа да көңіл көтеру орындарына бармау; арнайы мемлекеттік органның рұқсатынсыз тұрып жатқан орнын өзгертпеу және басқа елді мекенге кетпеу", - деді судья Пазылов.
Қалған екі айыпталушы Руслан Мусинов пен Құмар Оспановтар Қылмыстық кодекстің 257-бабының 2-бөлігінің "а" тармағы бойынша айыпты деп танылып, жәбірленуші Қожабековпен және Оразалинмен татуласуы негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін прокурор Мирас Мамбинге бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұраған болатын. Сотта судьяның жәбірленушілердің әрекетін виктимология, яғни қылмыс құрбаны болу процесін зерттейтін ілім бойынша бағалауға мән бергенін айта кету керек. Сот жәбірленушілердің әрекеті жанжалдың басталуына қалай әсер еткенін білуге көңіл аударды.
Кескілескен төбелес 2013 жылдың 22 қарашасында болған еді. Кенесары және Желтоқан көшелерінің қиылысында болған төбелес сыртқы бақылау камераларының біріне жазып алынған. Оқиғаның салдарынан бір адам ауруханаға түсіп, тағы екеуіне медициналық жәрдем көрсетілді. Полиция 25-28 жас аралығындағы бес адамды ұстады. Олардың екеуі жәбірленуші деп танылды. Айыпталушылардың бірі Мирас Мамбин қарсыластарын кастетпен сабаған.