Астанада төртем дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада төртем дүниеге келді © myformat.club

Астанада төртем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жайлы сәбилердің әкесі Асхат Спанов хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада төртем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жайлы сәбилердің әкесі Асхат Спанов хабарлады.

Екі қыз бен екі ұл 2016 жылдың 2 желтоқсанында дүниеге келді. Сәбилердің ата-анасы оларға Арсен, Әлихан, Диара және Аделя есімдерін қойды.

"Біз сәбилеріміздің дүниеге келуін ұзақ күттік. Әзірше олар анасымен бірге перинаталдық орталықта жатыр. Жағдайлары жақсы. Бірақ біраз уақыт ауруханада болады. Олар онда дәрумен қабылдап, дәрігерлердің бақылауында жатыр. Дәрігерлер оларға жақсы қарап жатыр", - деді төртемнің әкесі Асхат Спанов. 

Сондай-ақ, 38 жастағы ер адам сәбилерін екі рет көріп үлгергенін айтты. "Шынымды айтсам, перинаталдық орталықта барлығы залалсыздандырылған. Сондықтан да мен оларды үйде күтейін, күш жинап келсін", - деді сәбилердің әкесі.

Айта кетейік, отағасы - Қарағанды қаласының тумасы, шекара қызметінде жұмыс істейді. Ал әйелі Салтанат жеке компанияда жұмыс істейді. Астанаға осыдан бес жыл бұрын келген екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети