25 шілде 2018 | 16:01

Астанада төртінші ғибадатхана салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада төртінші Православие шіркеуі салынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесу барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада төртінші Православие шіркеуі салынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесу барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Мәскеуде өткен кездесу барысында Дархан Кәлетаев республикада православие христиандарының діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астанада төртінші Православие шіркеуін салу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта жаңа православ ғибадатханасының құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін бөлу мәселесі шешіліп, объектінің құрылысы үшін жер учаскесі анықталды. Құрылыс жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Патриарх Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған салиқалы саясатын ерекше атап өтті. Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен діндер арасындағы, оның ішінде православ дінімен де арадағы өзара сұхбат сындарлы түрде дамып келе жатқандығын ерекше атап өтті.

Дархан Кәлетаев қазіргі уақытта талқылаудан өтіп жатқан діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң жобасына Православ шіркеуі өкілдерінің де қатысқанын айтты.

"Заң жобасына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар дінді деструктивті мақсатта пайдалану жағдайларын барынша азайтуға және діни радикализмның алдын алуға  бағытталған", - деді министр.

Патриарх мемлекеттің дін саласындағы негативті процесстерді бақылау қажеттігімен келісетінін атады.

Орыс Православ Шіркеуінің басшысы жат діни идеологияның алдын алу, патриоттық тәрбие беру және рухани тұлғаны қалыптастыру мақсатында жалпы білім беретін мектептерде дін тақырыбындағы пәндерді оқыту тәжірибесімен бөлісті.

Дархан Кәлетаев Патриарх Кириллге дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, Орыс Православие Шіркеуінің өкілдеріне Астанада өткен дінаралық форумдардың, сондай-ақ аталған форумдардың Хатшылығы мен Жұмыс тобынының қызметіне қатысқаны және қолдау білдіргені үшін ризашылығын жеткізді.

Кездесу соңында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Ресейде Қазақстанның тұрақты дамуына және оның халықаралық аренадағы беделінің нығаюына қуанышты екенін айта келе, Қазақстан билігінің конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған саясатына толық қолдау білдірді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети