Астанада түнгі клубтағы адам өлімі: видео пайда болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада түнгі клубтағы адам өлімі: видео пайда болды видео кадры

Астанадағы түнгі клубтардың бірінде 19 жастағы жігіт қаза болды. Бірнеше күннен кейін марқұмның әпкесі бақылау камерасынан алынған жазбаны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы түнгі клубтардың бірінде 19 жастағы жігіт қаза болды. Бірнеше күннен кейін марқұмның әпкесі бақылау камерасынан алынған жазбаны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Бірнеше күн бұрын Астанадағы түнгі клубтардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Полиция мәліметінше, қатысушылардың бірі пышақ шығарып, 19 жастағы жігітті пышақтаған. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның видеосы

Марқұмның әпкесі Аружан Әбді Instagram-парақшасында оқиғаның видеосын жариялады. Жазбада ол болған жайтты түсіндіріп өткен.

"Қанішер інімнің жүрек тұсынан пышақ тыққаны көрініп тұр. Бұл кезде бір рет емес, екі рет. Інімнің аппақ жейдесі қан-жоса болады. Мына жерде тағы да, екінші рет соққы алады. Інімнің жүрегіне пышақ тығылса да, оның ана баланы ұрамын деп ұмтылғаны көрінеді. Інім ол кезде пышақталғанын білмей қалған", – дейді қыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аружан Әбді (@_a.aruzhaan)

Марқұмның әпкесі төбелес кезінде сол жерде полицейлер болғанын, бірақ олардың қақтығыстың алдын алмағанын айтты. Аружанның сөзінше, полиция қызметкерлері ағасының досын ұстап әкеткен, ал ол кезде жәбірленуші көмексіз қалып, кейін қайтадан пышақ жарақатын алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети