Астанада тұрғын үйден шыққан өрттен үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тұрғын үйден шыққан өрттен үш адам қаза тапты Астана ТЖД

Астанадағы Титов көшесіндегі жартылай жеке тұрғын үйден шыққан өрттен үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ТЖД-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Титов көшесіндегі жартылай жеке тұрғын үйден шыққан өрттен үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ТЖД-ға сілтеме жасап.

Бүгін түнгі сағат 01:25-те Астананың Өрт сөндіру қызметіне Титов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген уақытта екіпәтерлі тұрғын үйде 70 шаршы метр алаңда өрт шықты. Өртсөндірушілер жанып жатқан үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарды. Ер адам орташа дәрежедегі улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді.

Өртсөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында 1983 және 1970 жылдары туған екі ер адамның және 1971 жылы туған әйелдің денесін тапты.

Өрт сағат 02:55-те толығымен сөндірілді.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети