Астанада тұтас аудан жарықсыз қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тұтас аудан жарықсыз қалған Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада электр қуаты жаппай сөнген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана-АЭК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада электр қуаты жаппай сөнген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана-АЭК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астаналықтар түн ортасында жарықтың ойнап, кейін электр энергиясының авариялық сөнуіне жаппай шағымданды. Кейбір көпқабатты үйлерде су да өшіп қалған.

"3 қыркүйекте сағат 23:52-де ПНФ қосалқы станциясын қуаттайтын 110 кВ әуе желісінің сол жақ тізбегі апатты түрде өшірілді.

Салдарынан Ақбұлақ шағынауданы, Абылай хан даңғылы, Жұмабаев даңғылы, оңтүстік-шығыс, оң жағалауда жарық болмады.

Сағат 00:19-да ПНФ қосалқы станциясы оң тізбек бойынша қайта іске қосылып, шектеу толығымен алынды. 220/110 кВ әуе желісі қызметінің бригадасы әуе желісін тексеріп жатыр", - делінген "Астана-АЭК" хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети