Астанада үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатыр? © Тұрар Қазанғапов

Астанада жүзден аса проблемалы тұрғын үй нысандарының ішінде бүгінгі таңда 29 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жүзден аса проблемалы тұрғын үй нысандарының ішінде бүгінгі таңда 29 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл тұрғын үй құрылысына үлескерлікпен қатысу мәселелер жөніндегі ведомсвтоаралық комиссияның шеңберінде бірлескен әрекеттердің жоспарын іске асырудың арқасында мүмкін болды.

"Өтініштердің алғашқысы 2015 жылдың басынан түсе бастады, 100-ден астам проблемалы нысанның бары анықталды. ВАК шеңберінде бірлескен әрекеттердің жоспары әзірленді. Осы жылдың басында оның саны 62 нысанға дейін қысқарды. Қалғандары пайдалануға берілді. Бүгін 62 нысанның ішінде аса проблемалы 29 нысан бар. Бұлар негізінен қаржыны ұрлаудың нақты фактілері мен мердігерлерге қатысты қабылданған шаралары анықталған объектілер", - деді Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун.

Оның айтуынша, аталған объектілер "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында салынатын болады. Үш апта бұрын "Азбука жилья" Гарант ТК құрылысын аяқтауға қатысты байқау өткізіліп, алғашқы жеткізуші анықталды. Келесі жылдың төртінші тоқсанында объектіні пайдалануға беру жоспарланған.

Хорошунның мәліметінше, 2016 жылдың қазанында Астанада үлескерлердің қаражатын тартуға 88 рұқсат берілген болатын. Бүгінгі таңда 30 нысан пайдалануға берілді. Ол шамамен 5,5 мыңға жуық пәтер. 16 мыңнан астам пәтері бар 58 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети