Астана қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінің қорытындысы шығарылды. Таратылған мәліметке сәйкес, елорда бойынша орташа балл 83,6, ал ең жоғары балл - 123, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, бірінші күні 675 түлек тест тапсырған, соның ішінде, 252-сі қазақ тілінде, ал 423-і орыс тілінде. "Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 501 түлек, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 173 түлек тест тапсырады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 3,5 мыңнан астам астаналық түлек қатысады. Жалпы, 4407 оқушы мектепті тәмамдады. ҰБТ тапсыратын түлектердің ішінде 180 оқушы "Алтын белгіге" үміткер, ал 79-ы ерекше үлгідегі аттестат алады.