Астанада үш күн бойы жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада үш күн бойы жаңбыр жауады Сурет Midjourney нейрондық желісі арқылы жасалды

Синоптиктер алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

23 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, ал күндіз 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 19-21 жылы.

24 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 16-18 жылы.

25 тамызда синоптиктердің болжамы бойынша, көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 16-18 жылы.

Алматы

23 тамызда бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 ыстық.

24 тамызда көшпелі бұлттылық, күннің екінші жартысында қысқа жаңбыр жауады, найзағай болжанады. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 26-28 жылы.

25 тамызда көшпелі бұлт, түнде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 24-26 жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети