28 наурыз 2020 15:37

Астанада үш медициналық мекеме карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда үш медициналық мекеме карантинге жабылды. Бұл туралы астананың Тауар сапасы және тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исақов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда үш медициналық мекеме карантинге жабылды. Бұл туралы астананың Тауар сапасы және тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исақов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің 21 наурыздағы қаулысына сәйкес, қала аумағында карантин режимі енгізілді. Департамент объектілерде коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Карантин енгізу туралы қаулы келесі нысандарға берілді: Нұр-Сұлтан әкімдігінің көпбейінді медициналық орталқтың инфекциялық блогы, Ұлттық кардиохирургиялық орталық, №1 көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік блогы және №1 автопарк", - деді Зекен Исақов брифингте.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарың саны 200-ден асты.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан - 117 жағдай,

Алматы қаласы - 58 жағдайларды,

Қарағанды қаласы - 4 жағдай,

Жамбыл облысында - 3 жағдай,

Атырау облысы - 4 жағдай,

Ақмола облысы - 5 жағдай,Шымкент қаласы - 2 жағдай,

Шығыс қазақстан облысы - 2 жағдай,

Алматы облысында - 4 жағдай,

Ақтөбе облысында - 1 жағдай,

Солтүстік Қазақстан облысы - 1 оқиға,

Павлодар облысы -1 жағдай,

Маңғыстау облысында - 1 жағдай,

Қызылорда облысы - 1 оқиға.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети