Астанада SCAT әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қаласының әуе көлігі прокуроры Нұрлан Ахметбаев мәлімдеді.
Астанада SCAT әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қаласының әуе көлігі прокуроры Нұрлан Ахметбаев мәлімдеді.
"Темiржол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 295 бабы, 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, себептері айқындалуда", - деп хабарлады Ахметбаев.
Қылмыстық кодекске сәйкес, "Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекет, егер ол осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген зардаптардың тууына әкеп соқпаса да, әдейі қауiп төндiрген жағдайда, бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымда болу, белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады".
7 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 10.57-де SCAT әуекомпаниясының Шымкент - Астана бағытындағы ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған еді. Әуежайдың баспасөз қызметі бұл оқиға алдыңғы шассидегі ақаудың салдарынан болғанын хабарлаған. Төтенше жағдайға қатысты хабарлама келіп түскеннен кейін әуежайға жеті өрт сөндіру техникасы мен бес "Жедел жәрдем" көлігі келді. Ұшақ бортында экипаждың бес мүшесі мен 89 жолаушы болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ.