14 қараша 2014 | 12:45

Астанада велопрокат іске қосылған уақытта ұрлау және бүлдіру деректері тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

AstanaBike велопрокат велосипедтерінің тұтқалары ұрланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамына сілтеме жасап. Астанада 2014 жылдың 7 шілдесінде қалалық әкімдік пен "Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен ашылған қоғамдық велосипедтердің автоматтандырылған жалға беру жүйесінің жұмыс маусымы аяқталды. 


Иконка комментария блок соц сети

AstanaBike велопрокат велосипедтерінің тұтқалары ұрланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамына сілтеме жасап. Астанада 2014 жылдың 7 шілдесінде қалалық әкімдік пен "Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен ашылған қоғамдық велосипедтердің автоматтандырылған жалға беру жүйесінің жұмыс маусымы аяқталды. 

2014 жылдың 7 шілдесі мен 25 қазан аралығында 39 велостанция қызмет еткен. Бүгінге дейін жүйені 600-ден астам адам қолданды. Қолданушылар велосипедтерді барлығы 4 261 сағатқа 15 мың рет жалға алған және 28 657 шақырымға айдаған. Орташа есеппен бір күнде 40-50 рет жалға алынып тұрған. 

Велосипедтерді ұрлау дерегі тіркелмепті, бірақ жабдықтардың бүлінген жағдайлары кездесті. "Велосипедтер мен станцияны айтарлықтай бүлдіру деректері тіркелмеді: велосипед тұтқасын ұрлау бойынша - 6 дерек, тростың жұлынуы бойынша - 1 дерек, орындықтың сынуы - 1 дерек, дөңгелектің тесілуі бойынша - 1 дерек, ақпарат жазылған жапсырма қағаздың жұлынуы бойынша - 1 дерек", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.    

Сонымен қатар, баспасөз қызметі өкілдері велосипедтердің қысқы кезеңде сақтауға және техникалық жөндеуге жіберілетінін хабарлады. Ал жаңа маусымның ашылуы келесі жылы таныстырылады. 2015 жылы станцияларды 150-ге дейін кеңейту, велосаябақта велосипедтердің санын 1000-ға дейін көбейту жоспарланып отыр. Астана әкімдігімен бірлесіп, қаланың көлік инфрақұрылысын велоқозғалысқа бейімдеу мәселелері зерттеліп жатыр. 

"Самұрық-Қазына" өкілдерінің айтуынша, абонементті бір маусымға сатып алу құны - 5000 теңге, оған пластикалық карта құны - 1000 теңге қосылады. Жалпы маусым кезінде қосымша ақша жұмсамай, 30 минуттан асырмай велосипед көп мәрте алып тебуге мүмкіндік бар.  Егер қолданушы 30 минуттың ішінде велосипедті жалға беру станциясына жеткізе алмаса уақытқа байланысты төлем қосылып отырады: 1 сағат - 100 теңге, 2 сағаттан бастап - 250 теңге, 3 сағаттан асырып кешіктірсе - 500 теңге, ал одан кейінгі әрбір сағат - 1000 теңге.

Сонымен қатар, интернет пен Android базасындағы қосымша арқылы төлем жүйесі іске қосылды. Таяу арада IOS платформасында да төлем жасауға мүмкіндік беретін қосымша дайын болады. Толық ақпаратпен мына жерде таныса аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети