Астанада жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесі бойынша ұсыныстар айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесі бойынша ұсыныстар айтылды © Тұрар Қазанғапов

Астанада ауыл шаруашылық жерлерін шетелдіктерге жалға беру мәселесі бойынша ұсыныстар айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін елордада жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ауыл шаруашылық жерлерін шетелдіктерге жалға беру мәселесі бойынша ұсыныстар айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін елордада жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 

"Бізде екі мәселе бар. Біріншісі - қазір игерілмей жатқан жер өте көп. Бізде осы басты мәселе болса, онда жерді жалға беру керек. Олай болса, басқа мәселе туындайды: мемлекеттің қауіпсіздігі, тағы басқа. Егер жерді көрші елдерге жалға бермесек, оны басқа ешкім де алмайды", - деді Қазақстанның Картоп өсірушілер және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы Қайрат Бисетаев жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесі бойынша ұсыныс айта отырып.

"Біз мынадай нұсқа ұсынғымыз келеді: жерді шетелдік жекеменшік тұлғаларға жалға беруді мүлде тоқтату керек. Дегенмен заңды тұлғаның, біріккен кәсіпорындардың, шетелдіктердің үлесі 50 пайыздан аспайтын компанияларға беруге болады. Сонымен қатар, жалға беру екі кезеңнен тұруы тиіс. Алғашында жерді 10 жылға жалға беріп, нақты талаптар қою керек. Егер олар сол талапты орындаса, тағы 10 жылға беруге болады" - деді Қайрат Бисетаев.

Ол мұндай ұсынысты біздің ауыл шаруашылығымызға пайдасын тигізетін шетелдік технология капиталын қолдау мақсатында тастағанын айтты. "Шетелдік капитал 50 пайыздан аспайтын компанияларға жерді жалға беру ауыл шаруашылығын дамытып, жаңа технологиялар енгізуге мүмкіндік береді", - деді Қайрат Бисетаев.

Жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесі жөнінде сөзді ары қарай саясаттанушы Марат Шибутов жалғады. "Бір жағынан халықтың шетелдік жалға алушыларды, оның ішінде қытайлықтардың келгенін қаламайтыны түсінікті. Кейбірі швейцарлардың, жаңазеландиялықтардың, мүмкін бразилиялықтардың болғанын қалайтын шығар. Екінші жағынан біздің инвестиция жағынан мемлекеттік саясатымыз, ДСҰ, ЕАЭО алдындағы міндеттеріміз бар. Егер біз біреулерге ашық түрде тыйым салсақ, бұл сауда соғысына әкелуі мүмкін", - деді Шибутов.

"Жерді жалға беру кезінде бағасы туралы емес, қазақстандық болсын, шетелдік болсын компанияның тиімді ұсыныстары жөнінде айтуымыз керек. Мысалы, жерді қалай пайдаланатынын, қандай шаралар қолданатынын, экономикалық жағынан қалай тиімді болатынын, яғни, ақшасын емес, ол жерді қалай сақтайтынын айту керек. Ақсақалдар, кәсіпкерлер, саяси партия өкілдері жерді жалға алатындардың ұсыныстарын тыңдасын. Егер халыққа ол ұнамаса, онда қабылданбайды. Осы кезде басқа компания таңдалады. Яғни, екі рет бақылау жүргізіледі - мемлекеттік органдар және қоғам өкілдері тарапынан. Сонда біз халықаралық міндеттерді орындаймыз. Қытайлықтарды қаламаса, ешкім өткізбейді", - деді қазақстандық саясаттанушы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети