Астанада зейнеткерлер Қарттар күніне орай бір реттік төлем алады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада зейнеткерлер Қарттар күніне орай бір реттік төлем алады Фото: pexels.com

Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы төлемдер бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы төлемдер бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасап.

Біржолғы төлем мөлшері екі жарым айлық есептік көрсеткішті (АЕК) – 9830 теңге.

Көмек жасына байланысты зейнетақы алатын зейнеткерлерге, оның ішінде ең төменгі зейнетақы алатын және елордада тіркелген қарттарға беріледі.

"Астана мәслихаты бекіткен әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес, әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай төлем түрінде 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі", – деп хабарлады Астана жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ұсынған ресми деректерге сәйкес, Астанада Қарттар күніне орай 100 мыңнан аса зейнеткер ақшалай көмек алады.

Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда аталып өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети