Астанада жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін ©tengrinews.kz

Мамырдың 8-і күні Астана әкімдігінде қалалық көліктегі баға саясаты бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамырдың 8-і күні Астана әкімдігінде қалалық көліктегі баға саясаты бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл бастаманы елорданың жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы көтеріп отыр. Қоғамдық тыңдаулар барысында қалалық көліктегі жол жүру ақысын көтеру мәселесі де қаралады. Соңғы рет Астанадағы жол жүру ақысы 2008 жылы көтерілген болатын. Бүгінде автобус пен "маршруткаларда" бір адам үшін 60-65 теңге алады.

"Мамырдың 8-і күні өтетін қоғамдық тыңдауларға қалалық және аудандық әкімдіктердің өкілдері, жолаушылар тасымалы орталықтары, қалалық автопарктердің жетекшілері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың мамандары қатысады", - делінген ресми хабарламада.

Айта кеткен жөн, бұған дейін қала әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков те жол жүру ақысының қымбаттайтынын меңзеген еді. "Соңғы жылдары жанар-жағар майдың бағасы екі есеге өсті. Сондықтан тариф өзгермейді деп айту қиын", - деді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети