Астанада жолаушылар жолақыны аялдама санына сәйкес төлейтін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жолаушылар жолақыны аялдама санына сәйкес төлейтін болады Фото © Тұрар Қазанғапов

Келер жылы "Астана қаласының жаңа көлік жүйесі" (ВRT, ITS) жобасы іске қосылады. Осы жоба аясында жолаушылар жолақыны аялдамалардың саны негізінде төлеу мүмкіндігіне ие болады, - деп хабарлайды Теngrinews.kz сайты Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жолаушылар түрлі бағыттағы көліктерге ауысып отыру мүмкіндігіне ие болады, оның үстіне уақыты мен ақшасын үнемдейді. Ал жолаушылар ағыны қалалық бағдарлар бойынша біркелкі бөлінетін болады. Бұл өз кезегінде, жолаушыларды тасымалдау қызметінің тартымдылығы мен қолайлылығын арттырады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "Билет сату жүйесі қала мен оның тұрғындарына бірқатар артықшылықтар береді. Жолақыны төлеу контактісіз карталармен (электронды ақша) билет сату автоматтары арқылы жүзеге асырылады. Жолаушылар автобус сервисі мен BRT (билет сатудың жалпы жүйесі) үшін бір картаны қолданады. Ол валидатордың көмегімен автобуста тіркеледі", - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Естеріңізге саламыз, 31 тамыздан бастап Астанада жол жүру құны үлкендер үшін 90 теңге, балалар үшін 40 теңге болып бекітілген болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети