Үкімет жанындағы онамастикалық комиссияның отырысында еліміздің біртуар тұлғаларына көше аттары берілді. Бұл туралы журналист Нұртөре Жүсіп өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz.
"Астанадағы Орынбор даңғылы - Мәңгілік ел даңғылы, №36-шы және Еңбекшілер көшесі біріктіріліп - Әлихан Бөкейхан даңғылы деп аталатын болды", - деп жазды Нұртөре Жүсіп.
Оның айтуынша, Бұқар Жырауға, Нияз биге, Кенен Әзірбаевқа, Бейімбет Майлинге, Ханшайым Сүйінбикеге, Темірбек Жүргеновке, Сұлтанбек Қожановқа, Рабиға Есімжановаға, Сәкен Жүнісовке, Қайым Мұхамедхановқа бір-бір жаңа көше бұйырды.