Астанадағы қару-жарақ дүкендері жабылды

© Tengrinews.kz

Астанадағы қару-жарақ дүкендері жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Алматыда белгісіз біреулердің жасаған шабуылдарынан кейін Алмалы аудандық ІІБ маңы мен ҰҚК Департаментінің ғимараты қоршауға алынып, қаладағы барлық қару-жарақ дүкендері жабылған болатын. Бұл туралы Қазақстандағы "Қорамсақ" қару-жарақ ассоциациясының вице-президенті Сергей Катнов хабарлады. 
Катновтың айтуынша, Алматыдағы барлық қару-жарақ дүкені күшейтілген күзеттің қарамағында. Қазіргі уақытта Астанадағы арнайы қару-жарақ дүкендері белгісіз уақытқа дейін жабылды. Олардың бірі Жеңіс даңғылында орналасқан "Камал" дүкені. Дүкен сатушыларының айтуынша, олардың бірнеше филиалы да белгісіз уақытқа дейін жабылды. Дүкен сатушыларының айтуынша, қазіргі уақытта Астанадағы барлық қару-жарақ сататын дүкен жабылды. Алайда, ол дүкендердің неліктен жабылғанын ешкім нақтыламады.

Реклама
Реклама


Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақтаудағы қару-жарақ дүкендері де уақытша жабылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама