18 шілде 2016 12:20

Алматыдағы қару-жарақ дүкендері жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыдағы барлық қару-жарақ дүкендері белгісіз уақытқа дейін жабылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстандағы "Қорамсақ" қару-жарақ ассоциациясының вице-президенті Сергей Катнов хабарлады. Оның айтуынша, барлығы да күшейтілген күзеттің қарамағында.


Алматыдағы барлық қару-жарақ дүкендері белгісіз уақытқа дейін жабылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстандағы "Қорамсақ" қару-жарақ ассоциациясының вице-президенті Сергей Катнов хабарлады. Оның айтуынша, барлығы да күшейтілген күзеттің қарамағында.

Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен. Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. "Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды", - дейді олар.

Одан кейін Алматыдағы ҰҚК Департаментінің ғимараты қоршауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимарат алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимарат алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр. Сонымен қатар, атыс кезінде екі полицей жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. Жараланғандардың бірі Құрманғазы-Шәріпов көшелерінің қиылысында жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети