Астанадағы Сол жағалауы сусыз қалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Сол жағалауы сусыз қалады © Тұрар Қазанғапов

Суды жоспарлы түрде қарашаның 24-нен 25-не қараған түні тоқтатылады. Астанананың Есіл және Алматы ауданының бір бөлігі, сондай-ақ, қала аумағындағы кей ауылдар сусыз қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана су арнасы" МКК-ға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суды жоспарлы түрде қарашаның 24-нен 25-не қараған түні тоқтатылады. Астанананың Есіл және Алматы ауданының бір бөлігі, сондай-ақ, қала аумағындағы кей ауылдар сусыз қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана су арнасы" МКК-ға сілтеме жасап. 

"Астана су арнасы" өкілдері Момышұлы мен Төлебаев көшелерінің қиылысындағы су құбырын Д=1000 миллиметрге ою бойынша жоспарланған жұмыстарға байланысты 2016 жылы 24 қарашада сағат 00:00-ден 25 қараша сағат 09:00-ге дейін келесі аудандарда су болмайтынын хабарлайды: Есіл ауданында - Ақорда, Министрліктер үйі, Парламент, Автошаруашылық, әуежай, №16 өрт сөндіру бөлімі, медециналық кластер, ҚР Президенті Істері басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы, №3 перзентхана, ІІМ госпиталі, балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, қан орталығы, BI-Village, Family Village кешендері, "Саранда", "VIP Саранда" тұрғын үй кешендері, Сауран, Сығанақ, Түркістан, Керей мен Жәнібек хандар көшелері және "EXPO-2017" аумағы. Сонымен бірге, Есіл ауданындағы Пригородный, Телман және Заречный ауылдарында. 

Алматы ауданында №1 және №2 қалалық ауруханаларында, Промышленный және Железнодорожный ауылдарында су болмайды. 

Сонымен қатар, Есіл ауданының басқа да бөліктерінде, соның ішінде Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында су қысымы әлсіз болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети