Астанадағы тарихи саммитке Си Цзиньпин мен Владимир Путин келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы тарихи саммитке Си Цзиньпин мен Владимир Путин келді © kommersant.ru

Қазақстан астанадасында бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті ашылады. Астанаға ресми сапармен Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин келді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан астанадасында бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті ашылады. Астанаға ресми сапармен Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин келді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Негізгі іс-шаралар жұмаға белгіленген, ал 8 маусымда қатысушыларға салтанатты бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл күні қонақтардың құрметіне арналған концерт өтеді. Астанадағы саммиттің негізгі шарасы - ұйымға Үндістан мен Пәкістанның қосылуы. Осыған байланысты Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдрахманов саммитті тарихи саммит деп атап, ШЫҰ-ның аймақтағы ең ірі ұйымдардың бірі ретіндегі маңызы осы аталған елдер енгеннен кейін арта түсетінін айтты. 

ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының 17-ші Кеңесінде бірқатар құжат қабылданады деп жоспарланған. Мемлекет басшылары Астана декларациясына қол қояды, ШЫҰ-ның экстремизмге қарсы іс-қимыл Конвенциясы қабылданады. Жалпы алғанда 11 құжатқа қол қойылады. 

Келіссөздер кеңейтілген құрамда да, жеке құрамда да өтеді делінеді. Сондай-ақ, мемлекет басшыларының ШЫҰ жағдайына баға беріп, міндеттерді бекітіп, ұйымның даму перспективаларын анықтайды. 

Астанадағы саммит қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұйым қызметінің экономикалық мазмұнын нығайту қажеттігін атап өткен еді. "Қазіргі уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымы жұмысының оң қарқыны "Жаңа Жібек жолы" бағдарламасының дамуына байланысты болып отыр. Бұл бағдарламаға ұйым мүшелерінің барлығы, ең алдымен, Қытай Халық Республикасының жақын көршісі - Қазақстан қолдау көрсетуде", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бейсенбіде Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық әріптесі Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Екі ел көшбасшысы Ақордада кездеседі делінеді, ал кейін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің территориясына барады. Мұнда олар Қазақстан-Қытай телекөпіріне қатысады. 

Тараптар сауда, экономика, қаржы, су шаруашылығы және басқа да салаларда бірқатар келісімге қол қояды деп күтіледі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети