Астанадағы "Әбу-Даби Плаза" құрылысы қашан аяқталатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы "Әбу-Даби Плаза" құрылысы қашан аяқталатыны айтылды © Тұрар Қазанғапов

Астанадағы "Әбу-Даби Плаза" зәулім үйінің құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы құрылыс компаниясының бас директоры айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы "Әбу-Даби Плаза" зәулім үйінің құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы құрылыс компаниясының бас директоры айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компанияның бас директоры Элиас М. Диб Tengrinews.kz тілшісіне нысанның құрылысы кезең-кезеңмен жүріп жатқанын айтты.

"2019 жылдың ортасында сауда орындары мен қонақүйлерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Яғни, біз бастапқыда қонақүйді, кейіннен сауда орындарын, сосын ғана қалған блоктарды пайдалануға береміз. Жалпы құрылыс жұмыстарының барлығы 2019 жылдың соңында аяқталады деп жоспарлаймыз деді "АЛДАР Евро Азия" ЖШС бас директоры Элиас М. Дибб.

Бас директордың айтуынша, ең биік ғимарат кешенінің құрылысы шамамен 2020 жылы аяқталады.

"R деп аталатын блок кешеннің ең биік ғимараты болады, оны салуға көп уақыт кетеді. Оны нақты қай уақытта пайдалануға беретінімізді айта алмаймын. (...) Биіктігі бойынша бізде 78 қабат болады", - деді компаниядағылар.

Бас директордың айтуынша, салынып жатқан нысанды қаладан он шақырым жерден-ақ көруге болады.

Сондай-ақ, ол құрылыс аяқталған соң кешенге қандай атау қойылатынын айтты.

"Біз әзірше оны "Әбу-Даби Плаза" деп атап жатырмыз. Оны өзгерту жоспада жоқ. Әмірліктегі үкімет мүшелері Астанада осындай жобаның ұйымдастырылғанын мақтан тұтады", - деді Элиас М. Дибб.

Айта кетейік, "Әбу-Даби Плаза" құрылысы 2010 жылдың қарашасында басталған болатын. Осыған дейін нысанды салуға 1,6 миллиард доллар жұмсалатыны айтылған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети